Омар мазары

Омар мазары
1918 жыл Аягөз ауданыМәдениет ауылынан солтүстік - батысқа қарай 59 километр
Мазар үш камералы, дөңгелек белағашты бойлай өтетін тұсында жоғары параболалық кескіндегі күмбезбен көмкерілген бөлме орналаскан. Әрбір камера күмбез шаршысына негізделген, ортаңғы камерасы баска екі камераға қарағанда үлкендеу етіп күмбезделініп, жоғарыға сәйкес етіп салынған. Шыға беріс есік орны дөнгелек белағашын бойлай онтүстік-шығысқа бағытталған. Әрбір камераның бүйір жақ маңдай беті текшелей қоса қабатталынып, қуыс арқасымен бөлшектелінген. Күмбездегі жасанды көмбе біржола жойылғандықтан желкенді және күрделі болып шыккан, күмбез дөңгелек негізі камера шаршысының өтуімен қамтылған. Камераның шыға беріс қабырғасына арабша жазу таңбалары бейнеленген Мазардың арткы жағында (1918) жылы көрсетілініп, бірнеше қашықтық метр аралығына тастан қашалынып салынған ескерткіш орнатылған,одан арабша жазу таңбаларын көрсетілген сандарды да байқауға болады.