Ескерткіш кешенді құрылыс болып табылады, оған стела фонындағы жауынгер мүсіні және соғыс жылдарында қаза тапқан сарбаздардың есімдері жазылған екі мемориалдық қабырғалар кіреді. Л. С. Константиновтың бейіті кешеннің оң жағында орналасқан. Оның басында граниттен жасалған мемориалдық тақта орнатылған (1,1 м × 0,5 м × 0,07 м). Кешеннің алдыңғы жоспарына автомат ұстаған жауынгер плащтағы мүсіні орналастырылған. Мүсіннің биіктігі 2,86 м. Тік төртбұрышты стела биіктігі 6,3 м, жоғарғы жағында Отан соғысы орденінің бейнесі бар және мрамор плиткалармен қапталған. Қабырғалар силикат кірпіштен жасалған және мрамор плиткалармен безендірілген. Қабырғалардың параметрлері: биіктігі 2,3 м, ұзындығы 4,1 м, қалыңдығы 0,32 м. Оларға граниттік тақталар (11 дана, 0,6 м × 0,4 м) орнатылған, батырлардың есімдері жазылған (жалпы 208 есім). Төменгі бөлігінде гүлзарлар отырғызылған. Ескерткіш алаңы тротуар плиткаларымен қапталған.
Тарихи деректер
Константинов Лаврентий Сергеевич (1910-1948) Новосібір облысы Куйбышев ауданының Балман ауылында дүниеге келген. Майданда 1942 жылдың қаңтар айынан бастап болған. 22-ші гвардиялық мотоатқыштар бригадасының барлау ротасы автоматшылар вводының командирі, гвардия аға сержанты Константинов 1943 жылғы қыркүйекте алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен Черкассы облысының Григоровка аулы тұсында өтті. 1943 жылғы қазан айында ол бір топ барлаушылармен бірге гитлершілердің үлкен тобының көзін жойды. Ленин, Қызыл Жұлдыз, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен Л.С.Константиновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысынан кейін Семей облысының Көкпекті ауданында тұрды.


