Байқотан бидің кесенесі ХІХ-ғасырдан сақталған саулет өнерінің ескерткіші. Бұл зират Байқотанның тірі күнінде ағасы Болатқа соғылса керек, ішінде үш қабір бар. Болат, Байқотан қарындасы Болғандікі. Болған арғын еліне ұзатылған, қайтыс боларында өз өсиеті бойынша екі ағасынын қасына әкеліп, жерленген. Кесене жанында екі құлпытас бар. Бетоннан жасалған құлпытасты 1963 жылы Шәйкен Кәріпбаев, мәрмәр тасты 1987 жылы Жайық Мүсірұлы орнаткан. 1998 жылы кыркүйек айында Бабаңа бұрынғы күмбезінің сыртынан ак кірпіштен мазар тұрғызылып, ас берілді. Бұл сәулетті мазарды салғызған Жакен Төлеуұлы да, ал архитектурасын сызып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп, баскарған Қайырбек Атығайұлы. Байкотан би Керейдің Жастабан руынан тарайды. Бабан 1739 жылы туып, 1834 жылы 95 жасында дүниеден откен. 16-17 жасынан бастап билік айтуға араласкан.

