Ескерткіштің сипаттамасы: Құнанбай әулетінің қорымы Абай ауданы, Қаскабұлақ ауылдық округінің Ақшоқы елді-мекенінде орналасқан. Бұл жерде бірінші болып Құнанбайдың әйелі Айғыздын ұлы Халиулла Өскенбаев (1849-1870 жж.) жерленген. 1886 жылы Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбаев қайтыс болды. 1904 жылы Абайдың талантты ұлы Мағауия, сондай-ақ ақынның жиені, оның шығармаларының алғашкы баспашысы Кәкітай Ысқақов (1869-1915 жж.) жерленді. Қорымда Құнанбай қажымен катар Ыскак. Кәктай, Смагұл. Мағрипа, Әйгерім, Әбдірахман, Мағауия, Акылбай, Тәңірберді Құнанбайұлы. Ізғұтты Сакауұлы Құнанбаев (Нұранов) Мұхтардың әкесі Әуез, т.б. көптеген туыстары жерленген. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында саз кірпіштен тұрғызылған.


