Монумент әскердің толық бойлық мүсіні түрінде, автоматымен, плащ пен каскасымен көрсетілген, және ортасы ішке қисайған қабырғалармен бірге. Мүсін дөңгелек екі сатыдан тұратын пьедесталға орнатылған, үстіңгі жағында кішкене шегініс бар. Пьедесталдың қырлары жақталған. Биіктігі: мүсін 2,2 м, пьедестал 3,4 м. Материалы бетон. Мемориалдық қабырға биіктігі 1,93 м. Сол жағында қара фонда Жеңіс ордені бейнеленген. Оң жағында қара алаңда (1,46 м х 2,4 м) мәрмәр плиталардан жасалған жазу, қаза болғандардың тізімі (барлығы 198 фамилия). Жазудың мәтіні: «1941-1945 ж. Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтар». Қабырға бетон, кірпіштен қаланған, арты керамикалық плиткамен қапталған. Монументтің табанында, дұрыс бесбұрышты пішінді негізде (қыры 1,3 м), «мәңгілік от» жұлдызы орнатылған. Ескерткіш алаңы тротуар плиткасымен төселген.
Тарихи деректер
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналып қойылған.

