ескерткіш тікбұрышты фигуралардан тұратын композиция. Негізгі материал темірбетон. Қасбеті ақ мәрмәр тақтайшалармен көмкеріліп, арткы жагы силикат кірпішпен қапталган. Қабырғаның жалпы биіктігі 4,2 м, ұзындығы 8.2 м кұрайды, қалыңдығы 0,58 см. Ортасында 0,3 м х 7,0 м өлшемдерімен кара түсті гранит (габбро) тастан жасалган. «ҒАСЫР ТҰЛҒАЛАРЫ» жазуы бар тактайшасы орнатылған. Тақтада орнатылған 0,6 м х 0,8 м гранит тақталарда Абай ауданының тарихында ерекше орны бар. Ұлы Отан соғысына катыскан, елдің дамуына өз үлесін қоскан, гасырдын 10 тұлғаларының суреттері: 1. Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайдың ұлы акын шәкірті, інісі, әйгілі сазгер, философ: 2. Көкбай Жанатайұлы Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілі. сазгер, агартушы; 3. Шәкір Әбенов халық ақыны, сазгер: 4. Шәймардан Токжігітов - журналист, ірі коғам қайраткері; 5. Серікказы Бекбосынов Кеңес Одағының Батыры, 6. Жангазы Молдагалиев Кеңес Одағының Батыры, 7. Зәкәрия Белібаев Кеңес Одағының Батыры, 8. Әйтікеш Толғанбаев бүкіл Еуропага әйгілі қазақтан шыккан тұнғыш скрипкашы, Ұлы Отан соғыска катысушы, 9. Кәмен Оразалин М.Әуезов туралы 4 томдык роман жазған шәкірті, ұстаз, Ұлы Отан соғысқа қатысушы, 10. Жәнібек Кәрменов әнші. сазгер, жазушы.
Тарихи деректер
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылына» орай аудан әкімі Қ.Төлеубековтың басшылығымен, ХХ ғасырда Абай ауданы тарихында ерекше орны бар тұлғаларды мәңгілік есте сақтау құрметіне арналып койылған монументалды ескерткіш.

