Партизандардың бауырластар бейіті

Партизандардың бауырластар бейіті
1919 жыл Бесқарағай ауданыБесқарағай ауылы
Биіктігі 4,5 м стела түріндегі ескерткіш. Ескерткіш материалы темір, бетон. Стеланың басында қызыл металл жұлдызша орналасқан. Ескерткіштің алдыңғы жағына ақшыл түсті мәрмәрдан жасалған екі мемориалдық тақта орнатылған. Өлшемі 0,8 м х 0,5 м жоғарғы тақтайда: «Вечная память землякам села Б. Владимировка, павшим в борьбе за свободу и независимость Родины» жазуы бар. Астыңғы екінші тақтада: «Здесь похоронены борцы на народное счастье» деген жазу жазылған және 10 батырдың аты-жөндері тізілген. «1. Безруков А.П. 2. Белякин Р.И. 3. Квочкин П.Д. 4. Кочкин П.П. 5. Колбин Е.П. 6. Квочкин Д.Е. Колбин Ф.Х. 8. Шахворостов С.Н. 9. Пашенцев В.И. 10. Васинев В.С.». Стелланың артқы бетінде темірден жасалған шағын қызыл жұлдызшаның суреті бар. Іргетасы (6,98 м х 4,81 м) мен екі сатылы тұғыры (3,57 м х 2,6 м) қызыл түсті керамикалық тақтамен қапталған. Тұғырдың жоғарғы сатысының биіктігі 0,4 м, төменгісі – 0,17 м.

Тарихи деректер

стела 1968 жылы орнатылған.