Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған құлпытас тұғыртастан, алаңнан жане тұғырбеттен тұрады. Олар гранит тақтайшалармен қапталған. Жауынгер-солдаттын мүсін желбіреген шинелмен және қолындағы автоматымен бейнеленген. Тұғырбетте негізгі ескерткіштің екі жағында қара тақтаның бетіне ак түсті әріптермен Аягөз ауданынан Ұлы Отан соғысына қатысқандардың есімдері бедерленген.

