Ескерткіш А. Имановтың бюсті бар монумент, параллелепипед пішінді тумбаға орнатылған. Бюст биіктігі 1,4 метр. Материалы құмтас. Тумба биіктігі 1,92 м, бетоннан жасалған, сырланған, сазбен қапталған, өлшемдері 0,7 м х 0,84 м. Стилобат бетоннан, өлшемдері 1,96 м х 2,13 м. Шекарасы бойымен қоршауы ағаштан жасалған штакетник.
Тарихи деректер
Аманкелді Үдербайұлы Иманов – қазақ халқының батыры. Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.

