Ескерткіш - Ш. Жұныскуловтың жартылай бұрылыс күйіндегі бюсті бар монумент, бояумен қапталған. Бюст биіктігі 1,68 м. Материалы бетон. Бюст параллелепипед негізге орнатылған, оның жоғарғы беткі жағына жазуы бар мырыш плитка орналастырылған. Плитка биіктігі 1,96 м, өлшемдері 0,6 м х 0,65 м. Материалы - бетон, гранит. Жазу мәтіні: «Ұлы Отан соғысында ерліктен қаза тапқан Ш. Жұныскулов (1922-1942)». Стилобаты бетоннан жасалған, тротуар плиткасына қапталған, биіктігі 0,35 м. Ескерткіш мектеп аумағында орналасқан.
Тарихи деректер
Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылы, Серіктес елді мекенінде туған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1943 жылы Керчь түбегіндегі үңгірде жауға берілместен ерлік жасап майдандастарымен бірге қаза тапқан. Кейіннен соғыс аяқталған соң үңгірден батырдың жауынгерлік билеті табылып, сол арқылы кім екендігі анықталған. Жерлестері жанқияр ерлікпен қаза тапқан батырға ескерктіш орнатқан.

