Кұнанбай қажы ескерткіші

Кұнанбай қажы ескерткіші
2017 жыл Абай ауданыҚарауыл ауылдық округінде, Ералы және Шәкәрім көшелері қиылысында
Құнанбай Өскенбайұлы (1804-1886)- 03 заманының дүлдүл ақылшысы, би. ұлы ақын Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Ескерткіш 15 қыркүйек 2017 жылы заңгар жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120 жылдық мерекесі аясында орнатылды. Ескерткіштің биіктігі 4,5 метр, тұғыры 2,4 метр, тұғырдың ені 3,5 метр, төртбұрыш фомасында, кара гранит такташага «ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫ» деген жазуы бар қара гранит тақташасы тұғырға бекітіліп орналаскан. Жалпы биіктігі 6.9 метр. Құнанбай Өскенбайұлы алсыка қарап, терең ойда отырған қалпында бейнеленген. Бас киімі айыр қалпақ, киімінің үстінен шапан киіп отыр. Тұрған жерінің аумағы: ұзындығы 30 метр, ені 10 метр. Авторы Қалиев Нұрбол. Ескерткіш «Құнанбай қажы коры» қаржысының, халықтың демеушілігімен «Туған жер» бағдарламасы аясында орнатылған.