2004 жылы ұлы акынның туған жері Сырт-Қасқабұлаққа еркерткіш белгі тас орнатылды. Ескерткіш белгі тас қара габро тастан жасалып, дөңнін басына койылды, тастың бетіне «Бұл жерде аға сұлтан Құнанбай ауылында 1845 жылы қазақтың данышпан ақыны Абай (Ибраһим) дүниеге келген» деген жазу жазылған. Тас арнайы темір шарбақпен қоршалған.
Тарихи деректер
Төбенің екі баурайынан екі ұсақ өзендер ағып жатыр, бірі оңтүстіктен шығыска, екіншісі батыска қарай. Төбенің түбінде, Семейге қарайтын жағында Қасқабұлақ алқабы созылып жатыр. Ал Шыңғыстауға қарай ағатын өзен Абай Қасқабұлағы өзені деп аталады. Дәл осы жерде 1845 жылы 10 тамызда қазақтың киіз үйінде ұлы ақын Абай дүниеге келді. Жыл сайын көктем мен күзде Құнанбай ауылы осы өзеннің жағасына коныс аударды. Қасқабұлак болыс билеушісі би Құнанбай Өскенбайұлының тұрағы болатын.

