Ш.Әбеновтың бейіті Абай ауданы, Құндызды ауылының онтүстік-батыс жақ шетіндегі Коныртөбеде орналаскан. 1995 жылы қабірінің басына Маңғыстаудың ақ тасынан кесене тұрғызылды. Төрт құлакты ескерткіш болып тұрғызылған, зираттың алдыңғы жағы артқы жағына қарағанда көтеріңкі болып келеді, айнала шарбақпен қоршалған. Ескерткіш тарихи- мәдени мұра ескерткіштер қатарына жатады. Шәкір Әбенов халық ақыны, ауыз әдебиет мұрасын жинаушы. «Қозы-корпеш-Баян сұлу», «Таншебер Жапал» т.б. көптеген Тұнғыш поэмаларымен және өлең-жырлары қазақ әдебиетінің алтын қорына енген. Президент Н.Ә. Назарбаевка бата берген абыз ақын. 1900 жылы өмірге келіп, 1994 жылы қайтыс болған.

