Алдыңғы қасбеті төрт бұрышты болып, ал, мазардың төбесі күмбезді болып 1998 жылы тұрғызылған. Көне ескерткіштер келер ұрпакка жеткізу мақсатында А.Мұкатаев бастаған баба ұрпақтары бұрынғы мазарын сол қалпына қалдырып, сыртынан ақ кірпішпен қаптап, күмбезді кесене орнатты. Мазардың биіктігі 6 метр. Ескерткіш жобасының авторы М.Жанболатов ескерткіш 1990 ж. Е.М. Байтенов жетекшілік еткен Архитектура институтынын экспедициясымен зерттелген. Ералы (1790-1864) Шыңғыстау өңіріне танымал болған ру басшысы Кенгірбайдың баласы.


