Ақтамберді мазары

Ақтамберді мазары
1989 жыл Абай ауданыҚұндызды ауылының оңтүстік батысында
Ескерткіш пішіні шаршы тәріздес, кесене өлшемі 4х4 м, сырткы коршауымен коскандағы өлшемі 14х10 м кұрайды. Пішінін төртқұлақ тәріздес етіп, таудың қызғылт тасынан қалаган. Алғашкы жобада 7,7 м х 6,3 м тікбұрышты көлемде кесек тасты балшықпен бекітіп салынған. Ол негізінен бұзылған соң 90-шы жылдарда (1989 жылы) жаңартылған.

Тарихи деректер

Ақтамберді Сарыұлы 1675, қазіргі Қаратау, 1768 қазіргі Шығыс Қазакстан облысы Абай ауданы Журекадыр мекені жырау, қолбасшы, дипломат. Найман тайпасының қаракерей руының сыбан тармағынан. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. "Күмбір-күмбір кісінетіп", "Уа, қарт Бөгембай", "Менімен ханым ойнаспа", "Жауға шаштым ту байлап", "Заманым менің тар болды" және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Халыкты алауыз мінездерден сақтандырады.