Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылынан оңтүстікке карай 25 шақырым қашықтықта, Қоратоғай атты сайда орналасқан. Қорымда барлығы 6 қоршау орналасқан, екі үлкен: диаметрлері 16 метр, биіктіктері 0,20-0,30 м, Біреуінің шығыс шетіне жақын екі тас мүсін тұр. Біреуі кызыл, екіншісі көк сұр тасттан істелінген. Оң жақтағы қызыл граниттен істелінгеннің беті эрозияға қатты ұшыраған. Сұр тастан жасалынған тас мүсіннің төбесі шошақ, көздері дөңгелек берілген, тік мұрынды, ауызы дөңгелек ойылып 66, Алген. Бұл тас мүсіндер орнынан қозғалган көрінеді және, осының салдарынан болуы мүмкін, біреу өте катты эрозияға ұшыраған. Қалған қоршаулардың диаметрлері 8-10 м., биіктіктері 0,20 м. Бірнеше нысан шұнқырларға және ойпатшықтарға ие. Көне түрік дәуірінің қорымы.
Тарихи деректер
2013 жылы ескерткіш ЖК «Ерден» тарапынан зерттелді

