Ескерткіш Катон үстіртінде (жергілікті тұрғындар арасында Катон үстірті, Қобықа жазығы деп аталады), Екпін ауылдық округінің аумағында, Катон -Жоғарғы Ақбаз автожолының 3-шақырымында, жолдың шығыс жағында орналасқан. Қорым 9 нысаннан тұрады. Оның құрамында екі тас үйінді және ақ кварциттен жасалған шеңберлі қоршаулары бар төртбұрышқа жуық бір қоршау бар. Аталған нысандардан 150 м солтүстік-шығысқа қарай параметрлері ұқсас, тас үйінді түріндегі тағы 6 ескерткіш орналасқан. Нысандардың диаметрлері 8-10 м, үйінділері жайпақталған. Қорым ерте түркі дәуірімен мерзімделеді.
Тарихи деректер
2011 жылы ескерткіш ЖШС «Археология» тарапынан зерттелді.

