Абай ауданының Арқат ауылынан батысқа қарай 20 шақырым қашықтықта, Семей- Қарауыл жолының бойында, Орда тауының шығысында орналасқан. Қорымда барлығы 20 дан аса тас жәшік пен орташа көлемді тас қорғандар орналасқан. Қоршаулардың диаметрлері 5-10 м., биіктіктері 0,20-0,50 м. Қорғандардың диаметрлері 12-16 м., биіктіктері 0,50-0,60 м. Біраз нысан шұңқырларға және ойпатшыктарға ие. Көне түрік дәуірінің қорымы.
Тарихи деректер
2013 жылы ескерткіш ЖК «Ерден» тарапынан зерттелді.

