Абай ауданының Арқат ауылынан батысқа қарай 25 шақырым қашықтықта, Нұрмағанбет атты жерде орналасқан. Қорым 15 шамасындағы қорғаннан тұрады, тас және топырақ аралас үйінділері орташа көлемді. Диаметрлері 8-12 м., биіктіктері 0,50-1 м. Айқын тонау іздері аңғарылмайды, біразының өсімдік қабаты айналадағы ортаға сай, кейбіреуінікі сиректеу. Ескерткіш ерте темір дәуірімен мерзімделеді.
Тарихи деректер
2013 жылы ескерткіш ЖК «Ерден» тарапынан зерттелді.

