Ескерткіштер Жұмақан - Ақжайлау автожолының оң жағында орналасқан төбенің базальтты жазық беткейлерінде, Қызылкесік ауылдық округіне қарасты Жұмақан қыстауынан 1,5 км солтүстікте орналасқан. Төбенің өлшемдері 100 × 50 м. Жартастағы суреттердің мазмұны жүгіріп бара жатқан бұғылардың бейнелерінен, садақ тартып тұрған екі антропоморфты бейне арқылы берілген аңшылық көріністен, екі ірі арқардың және көлемі әртүрлі көптеген ұсақ арқарлардың бейнелерінен тұрады. Барлық суреттер жазық беттің солтүстік-шығыс бөлігінде қашалған. Ескерткіш нысандарының хронологиялық ауқымы кең, олар қола дәуірінен бастап түркі дәуіріне дейінгі кезеңді қамтиды.
Тарихи деректер
2011 жылы ескерткіш ЖШС «Археология» тарапынан зерттелді.

