Ескерткіш Екпін ауылдық округіне қарасты Жоғарғы Ақбаз қыстауынан 100 м батыста, биіктеу жерде орналасқан. Қорым бірнеше қорғаннан тұрады. Ең ірі нысан (№1) диаметрі 45 м, биіктігі 1,4 м болатын қорған. Қорғанның орталық бөлігінің периметрі бойы тереңтікен (қараған) бұталарымен көмкерілген, ал орталық нүктесі толықтай ашық. Үйіндінің қалған бөліктері қатты шымданған. Аталған қорғаннан 10 м оңтүстікке қарай диаметрі 12 м болатын жайпақ тас үйінді орналасқан. Ал солтүстік жағында параметрлері ұқсас тағы үш нысан тіркелген. Олардың диаметрлері 10-12 м, биіктігі 20-40 см. Қорым ерте түркі дәуірімен мерзімделеді.
Тарихи деректер
2011 жылы ескерткіш ЖШС «Археология» тарапынан зерттелді.

