Барлыбай қорымы, біздің дәуірімізге дейін VII-III – ғасыр біздің дәуір VII-IX ғасырлар

Барлыбай қорымы, біздің дәуірімізге дейін VII-III – ғасыр біздің дәуір VII-IX ғасырлар
Б.з.б VII-IIIғғ - VII-IX ғғ Абай ауданыКеңгірбай би ауылынан оңтүстікке қарай 50 километр, Барлыбай аймағында
Абай ауданының Кеңгірбай би ауылынан оңтүстікке қарай 50 шақырым қашықтықта, Барлыбай атты жерде орналаскан. Географиялық координаты: № 48° 41'02,5; E 79° 01'37,3 Бұл қорымды үш топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топ көне түрік дәуірінің жалпақ тастарды тігінен койылып жасаған қоршауларынан тұрады. Диаметрлері 20- 40 м., биіктіктері 0,30-0,90 м. Барлығы 28 тал. Екінші топта көне түрік дәуірінің қоршаулары. Жалпақ тастарды тігінен қойған. Диаметрлері 30-45 м., биіктіктері 0,20- 1 м. Барлығы 8 қоршау. Үшінші топ ерте темір дәуірімен мерзімделеді, топтың оңтүстік-шығысында бір «мұртты» қорған бар. Диаметрлері 16-30 м., биіктіктері 0,30-1,20 м. Жалпы саны 12. Нысандардың жай-күйі жақсы, кейбіреулерінде гана шұнқыр және оймыштар ангарылады. Ескеркіштер темір және түркі дәуірлеріне тиесілі.

Тарихи деректер

2013 жылы ескерткіш ЖК «Ерден» тарапынан зерттелді.