«Көркем сөз» шешендік өнер және пікірсайыс үйірмесі

«Көркем сөз» шешендік өнер және пікірсайыс үйірмесі
Абай облысы, Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 70.
Ашылу тарихы, күні: «Көркем сөз» үйірмесі өз жұмысын 2024 жылдың сәуір айында бастады. Осы уақыт аралығында үйірме бірнеше пікірсайысшы мен жас шешендердің қалыптасуына ықпал етіп, олардың сөйлеу мәдениеті мен көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын жетілдірді. Қатысушылар ойларын логикалық әрі сенімді түрде жеткізу тәжірибесін меңгеріп, түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар мен байқауларға белсенді қатысып келеді.Мақсаты: Білім алушылардың шешендік шеберлігін, көркем сөз мәдениетін дамыту, ойды логикалық және дәлелді түрде жеткізу қабілетін қалыптастыру, зияткерлік тұрғыдан дамыған әрі жауапты тұлға тәрбиелеу.Міндеттері: көпшілік алдында сөйлеу және риторика дағдыларын қалыптастыру; пікірсайыс арқылы логикалық және сыни ойлауды дамыту; дәлел келтіру және пікірталас мәдениетін меңгерту; қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде коммуникативтік қабілеттерді дамыту; көшбасшылық қасиеттерді, жауапкершілік пен командада жұмыс істеу дағдыларын тәрбиелеу; білім алушылардың азаматтық ұстанымы мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру. Шығармашылық жетістіктеріҮйірме аясында: WSDC халықаралық форматы бойынша тұрақты сабақтар мен турнирлер; Отбасы күніне, Республика күніне, экология, мәдениет және құндылықтар тақырыптарына арналған пікірсайыс ойындары; дөңгелек үстелдер, резолюцияларды талдау, қорытынды жиындар. Қалалық деңгей: Абай облысы әкімінің кубогына арналған қалалық турнир — 1–2 орын (Сәрсенова Ақпейіл, Мраженова Еркеназ); «Ғылым CUP» қалалық турнирі (Alikhan Bokeikhan University) — 1 орын (Слямғазы Амина); «Bastau», «Алаш туы астында» турнирлері — жүлделі орындар (Болатова Айару); қалалық телеарналар мен ақпараттық бағдарламаларға сұхбаттар. Өңірлік деңгей: «Jas Republic Cup» өңірлік турнирі — 1 орын (Төлеубекова Балжан); қоғамдық және медиялық пікірталас жобаларына қатысу; «Дарын» орталығы ұйымдастырған республикалық турнирдің облыстық кезеңі — 1 орын (Калиева Айару); «YBYRAI CUP» облыстық турнирі — 1–2 орын; «ZQ CUP» облыстық турнирі — 2–3 орын; Облыс әкімінің кубогы — жүлделі орындар. Республикалық деңгей: ORATOR CUP III — 1 орын (чемпиондар); Abai CUP II — 1 орын / финалистер; Salauat Cup X — 1 орын; Jas Republic Cup (ұлттық) — 2 орын (Арнұрқызы Нұрсана, Әнуарұлы Әмір); ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаты (Арыстанбеков Даулетжан); «Sanaly Orta» ұлттық байқауы — «Қазақстан Республикасының үздік дебат клубы» атағы. Ерекшеліктері: WSDC халықаралық форматын жүйелі түрде енгізу; түлектердің басым бөлігі — білім беру гранттарының иегерлері; үйірме базасында облыстық және республикалық жобаларды (YBYRAI CUP, SAPA, білім беру QUIZ-жобалары) жүзеге асыру; пікірсайысты тек жарыс құралы ретінде емес, тәрбиелік және азаматтық-білім беру технологиясы ретінде қолдану. Үйірмеде шешендік өнер заманауи дебат технологиялары арқылы меңгеріледі. Білім алушылар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларымен қатар, командада жұмыс істеу, ақпаратты талдау, өз ұстанымын дәлелдеу және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады.